27.10.2020, 8:51
Оқылды: 48

Шағырлойға су берілді

Соңғы үш жылдың көлемінде күзгі жаңбырдың болмауы, қыстың жұмсақ, қарсыз болуы өзен-көлдердің және жерасты суларының тартылып кетуіне себеп болды.

B1636E48-6F81-48B9-9D46-3402FB725620

Қазіргі таңда Сырым ауданындағы Сарой ауылдық округінің айналасындағы мал су ішіп отырған су тоғандары "Аша",  "Мұхтар" бөгеттерінің бойында сулар тартылып, кеуіп кетті.

Жеке тұрғындар мен шаруа қожалықтары мал суару үшін ағымдағы жылдың жаз айларында 3-5 метрлік отыздай шахталық құдықтар және жиырма 23-37 метрлік ұңғыма құдықтар соғып алды.

Ауылдық округтің орталығы Шағырлой ауылында жаз айларында ауыз су тапшылығы сезілді. Шағырлой ауылына 2010 жылдан "Жасқайрат" қыстағынан тұшытылып беріліп отырған ауыз су жүйесінің су көздері жеткіліксіз болуы себепті, жергілікті халықтың өтініші ескеріліп, аудан әкімі Төлеген Төреғалиевтың тікелей қолдауымен  су тапшылығын көріп отырған Қособа және Сарой ауылдық округтеріне қазан айында шұғыл түрде аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, қосымша ұңғымалар қазылды.

67BB6945-4B78-44CB-936A-437398CFEF29

Сарой ауылдық округіне 3 млн. 400 мың теңге бөлініп, "Жасқайрат" қыстағынан тереңдігі 14.0 метр, көлемі 1.0 метр, су өнімділігі  секундына 0,9 литр 1 су ұңғымасын "Жайықгидрогеология" ЖШС мекемесі қазып, "Сырым" КҚМ су насостарын қойып, іске қосып берді. Қазіргі уақытта Шағырлой ауылында ауыз су тұрақты беріліп тұр.

Ауылға су келіп, тұрғындар қуануда.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале