21.04.2017, 16:08
Оқылды: 26

«Шеберлік шыңға шығарар» көрмесі

Қаратөбе ауданында жергілікті балалар шығармашылығы үйінің «Шеберлік шыңға шығарар» атты көрмесі ұйымдастырылды.


Айта кетейік, Қаратөбе балалар шығырмашылығы үйінде 42 үйірме жұмыс істейді. Орталықта 25 мұғалімнен 630 оқушы тәлім алуда. Үйірмелер техникалық және эстетикалық көркемдік бағыттары бойынша жұмыс атқарады.

Шығармашылық үйінінің тәрбиеленушілері аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып, ауданның намысын қорғап жүр.

«Шеберлік шыңға шығарар» көрмесіне фотосурет, кескіндеме, мүсін, гобелен және ағаш, аралас материалдан жасалған бұйымдар қойылды.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале