20.01.2017, 18:37
Оқылды: 42

Шекарашылар құжат тексереміз деп ауылды аралап, тұрғындарды көшеден ұстап әкеткен

Бұл жайлы Зеленов ауданының әкімі Кәрім Жақыповтың Раздольный ауылы халқы алдындағы есебі кезінде ауыл тұрғындары айтты.

Раздольныйлық ағайынды шекарашылардың без-берекетсіз құжат тексереміз деген желеумен ауыл үйлерін аралап, құжаты жоқтарды көшеден де ұстап алып кететін жағдайлардың кездескені алаңдатады екен. Жиналыста бұл мәселенің жауабын Приурал полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Алдександр Коркин берді. Оның айтуынша шекарашылар тек мемлекет шебін күзетуші ғана екен. Ал құжат тексеріп, профилактикалық жұмысты ішкі істер қызметкерлері ғана жүргізе алатын көрінеді. Алдағы уақытқа ауыл маңындағы шекара заставасында болып, мәселенің мән-жайын білуге уәде еткен полиция бастығына тұрғындар үлкен сенім артуда.

Бұдан бөлек Раздольный ауылының тұрғындары мектептің жөнделуі мен ауылға су беріп тұрған насостың әкімдік қарамағына өтуі мәселесін көтерді. Аудан әкімі бұл сұрақтар болашақта оң шешімін табатынын айтты. Сондай-ақ ауыл тұрғындарын медқызметкердің жоқтығы қинайтын көрінеді.

Түгелбай Бисен,

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале