12.02.2019, 16:18
Оқылды: 22

Шубиннің құрметіне өткен турнир

Сырым ауданында Социалистік Еңбек ері, Сырым ауданының құрметті азаматы В.И.Шубиннің туғанына 100 жыл толуына орай баскетболдан ерлер арасында аудандық ашық турнир өтті.

 sport (4)

         Турнирдің салтанатты ашылуына қатысқан Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев, В.Шубиннің Сырым ауданындағы «Правда» газеті атындағы астық совхозының директоры болған жылдары ауылшаруашылық саласын техникаландыруға бастамашыл болғанын атап өтті. Шубин басқарған шаруашылық мемлекетке астық тапсырудың жеті жылдық жоспарын 144 пайызға орындады, кейін Еңбек Қызыл ту орденіне ие болды.

         Баскетбол бәсекесінде Орал қаласының командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды жергілікті Өлеңті ауылының командасы, үшінші орынды Бөрлі ауданының құрамасы жеңіп алды. Сондай – ақ, Жымпиты ауылының командасы «Жеңіске деген жігері үшін!» аталымымен марапатталды. Өлеңтілік Думан Шналиев «Үздік шабуылшы», бөрлілік Леонид Дворецкий «Үздік орталық ойыншы», оралдық Мейрамбек Шамұратов «Үздік техникалық ойыншы», ал тоғанастық Айдар Мәулетов «Үздік қорғаушы» аталымдарын алды.

         Турнирді Шолақаңқаты ауылдық округі әкімдігі мен «Қайсар» спорт клубы бірлесіп ұйымдастырды.

sport (3) sport (6)

sport (2) Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парашамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале