19.03.2019, 15:59
Оқылды: 29

Шыңғырлауда бойжеткендермен ашық диалог өтті

Бойжеткендермен сырласу мақсатында Л.Қылышев атындағы Шилі мектебінде «Қыз келбеті : Қоғам. Заман. Бойжеткен» атты кездесу өтті. Шараға Орал қаласынан жерлестеріміз Айгүл Салахатдинова мен Жамал Ихсанова келіп қатысты.

shingirlau (1)

 Айгүл Бақытжанқызы – ұзақ жылдар бойы облысымызда экономика және қаржы басқармасын басқарып, өңіріміздің  экономика саласына сіңірген еңбегі зор жан. Ал Жамал Сағынғалиқызы білім саласында, жоғары оқу орындарында ұстаздық қылып, кейін облыстық ішкі саясат басқармасында 16 жыл бөлім басшысы бола отырып, жалпы облысымыздың  азаматтық қоғамын дамыту жолында ерекше еңбек сіңірген тұлға деп айтуға болады. Бүгінде қос апамыз Батыс Қазақстан облысының қоғамдық келісім кеңесінде қызмет етеді.

Іссапармен келген жерлестеріміз соңдарынан ерген сіңлілеріне өздерінің ұлағатқа толы әңгімелерін арнады. Қазіргі заман толқынында  қыз баланың келбеті қандай болуы тиіс, тәрбиелі қыздың болашағы немен байланысты екендігін түсіндірді. Мамандық таңдау, осы бағыттағы білуге тиісті қағидалар туралы жан-жақты айтып берді. Туған жерге қатысты қойылған сұрақтарға берген олардың  жауаптары жүректің тереңінен шынайы шығып, тыңдарманды толқытты.

   Кездесу ашық диалогқа құрылып, шынайы да мазмұнды шара болды.

shingirlau (2)

Айсұлу Арыстанова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале