24.05.2018, 17:18
Оқылды: 18

Шыңғырлауда егіс егу жұмысы 83,61 пайызға орындалып отыр

Шыңғырлау ауданы көлемінде  егіс егу жұмысы бүгінгі таңда  83,61 пайызға орындалып отыр. Диқандары 10825 гектар жердің танабына  дән сеуіп, көп ұзатпай берілген жоспар үдесінен шықпақ. 

Тарқатып айтсақ, биыл жаздық дәнді дақыл 5700 гектарға себілуі тиіс болса, мамыр айының 21-ші жұлдызындағы мәлімет бойынша, 2728 гектарға себілген, майлы дақылдар-1700 гектар жерге жоспарланғанымен бүгінде 3060 гектарына егіліп, жұмыс 180 пайыз орындалды. Сонымен қатар мал азықтық дақылдар 3226 гектарға  егілді.

«Жарас», «Сапашев», «Жаңа жер», «Жақып» шаруа қожалықтары  ыждағаттылық көрсетіп, қарқынды жұмыс атқаруда. Егін шаруашылығының ережесіне сай науқанның аяқталуына 10 күндей уақыт қалды. Осы уақыт ішінде жоспар орындалып, егіс жұмысы аяқталмақ.

   Айсұлу Амангелдіқызы

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале