31.12.2020, 15:58
Оқылды: 76

Шыңғырлаулық балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады

Қандай қиын кезең болса да балаға мерекелік көңіл-күй сыйлау әр ата-ананың, қоғамның назарынан тыс қалмайды. Соның ішінде ертегілер әлеміне жетелейтін, әлдебір сиқырлы ғаламшардан келетіндей көрінетін  Жаңа жылдың жөні балалар үшін мүлде бөлек. Аяз Ата мен Ақшақарды күн ілгері күтіп, қандай сыйлық береді деп сәби көңілмен алаңдап жүретін балақайлардың үміттерін ақтаудың, оларға қуаныш сыйлаудың өзі бір ғанибет.

000

Биыл індет салдарынан көптеген шараларға тыйым салынғанымен, мүмкіндігі шектеулі, үйден әлеуметтік жағынан қамтылып отырған балаларға қуаныш сыйлау мақсатында Шыңғырлау ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова аудан  орталығындағы және ауылдық округтердегі 16 жасқа дейінгі 28 балаға демеушілердің көмегімен жинақталған сыйлықтарды табыс етті.

5555

Сонымен қатар, демеушілердің қолдауымен алынған «Вертикализатор» бұйымын Алмаз ауылындағы Жантөрі Нұрғали Самғатұлына сыйға тартты.

                                                                       Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале