26.04.2019, 22:49
Оқылды: 45

Шыңғырлаулық мұғалім республикалық байқаудан бас жүлдемен оралды

Шыңғырлау ауданының Шыңғырлау мектебінің қазақ тілі мен әденбиеті пәнінің мұғалімі Самат Байболат 21-23 сәуір аралығында Шучинск қаласында өткен «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты ІІІ республикалық байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды.

IMG-20190425-WA0002

Барлығы 57 жас маман қатысқан байқауда «Үздік ашық сабақ», «Менің шығармашылық жолымның бастамасы», «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты кезеңдерден сүйрінбей өтіп үздік атанды.

- «Байқаудан алған әсерім ерекше. Өзінің мамандығын бар жанымен сүйетін, ұстаздық мамандыққа қалтқысыз қызмет етуге даяр небір жалынды жастармен танысудың, тәжірибе алмасудың сәті түскеніне қуандым. Тағы бір ерекше әсер еткені – жастардың зерттеушілікке ден қойып, ғылыммен айналысуға бет бұрғандықтары. Байқауға қатысушылардың бірі де осал емес. Әр облыстың үздіктері»,- дейді Самат Байболат.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале