16.01.2017, 15:38
Оқылды: 67

Соркөл мен Жалтыркөлде 200 ойық ойылды

    Жаңақала ауданында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың бастамасымен балықтарды қорғау шаралары жүзеге асуда.

Бір топ аудан жастары балықтарды қорғау мақсатында өзен-көлдерде ойық ойып, балық құтқару ісі бойынша белсенділік танытуда. Олар аудан аумағындағы Соркөл, Жалтыркөл көлдеріндегі балық атаулыны жаппай қырылудан құтқару үшін ұзын-саны 200 ойық ойды. Туған өлкенің табиғатын қорғауға тікелей қатысты шаруаны Жаңақала мектеп гимназиясы, аудандық ветеринарлық станция, Жаңақала орта мектебі және Жаңақала ауылдық округі мамандары бастап жалпы аудан жастары үлкен құлшыныспен атқарды. Бұл игі іс алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Н.Есетова

Жаңақала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале