29.03.2017, 10:32
Оқылды: 49

Өнерлі өрендер жүлдегер атанды

Султан Бакытжан     26-28 наурыз күндері Елордамыз Астанада өткен XI - Халықаралық "Ақ көгершін" балалар шығармашылығы фестивалі байқауында аудандық саз мектебінің оқушылары Сұлтан Бақытжан I-ші дәрежелі лауреат, Әлихан Максим III-ші дәрежелі лауреат атанса, Еркін Ерболат III-ші дәрежелі дипломант атанды.

Бұл байқауда Сұлтан Бақытжан баян аспабын терең меңгергенін көрсете біліп, қарсыластарын шаң қаптырды. Жетекшісі Ерлан Уаресов. Ал Алихан мен Еркін қазақтың қара домбырасын шебер тартып, өнерлерімен көзге түсті. Ұстаздары Әсемгүл Жұмабаева мен Нүргүл Рысмағамбетова.

          Қайрат Жақып

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале