8.10.2018, 16:05
Оқылды: 48

Сулыкөлде спорт алаңы ашылды

 Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылдық округінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жазғы спорт алаңы ашылды.

IMG_5415

Спорт алаңының салтанатты ашылуына аудан әкімі Жанат Асантаев,  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы өңірлік сараптама кеңсесінің хатшысы Нұржан Төлепов, «Рухани жаңғыру» облыстық  кеңсесінің «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша менеджері Оспан Исмағұлов, спорт ардагері және ауыл тұрғындары қатысты.

         «Атамекен» кіші бағдарламасы шеңберінде ашылған жаңа спорт алаңы жеке кәсіпкер, осы ауылдың тумасы Айбек Өтеғалиевтің демеушілігімен жүзеге асты. Жалпы құны 7 млн. теңге тұратын спорт алаңы енді ауыл жастарының жиі келетін орнына айналмақ.

         – Балалар спорттық ойын алаңының ашылуы – ауыл үшін айтулы оқиға. Бүлдіршіндеріміз бос уақытын спортпен шұғылдануымен өткізіп, физикалық қабілеттерін дамыта алатын болады. Бүгінгі балалар – біздің болашағымыз! Ауыл жастарына осындай мүмкіншілік жасап отырған жерлесімізге алғыс білдіремін,- деді аудан басшысы Ж.Асылханұлы.

         Биыл аудан бойынша кәсіпкерлердің демеушілігімен 40 жоба жүзегі асады деп жоспарланған болатын. Бүгінгі күні аудан орталығы мен ауылдық округтерде 36 жоба іске асып, халықты қуанышқа бөлеп отыр.

         Шара барысында жеке кәсіпкер Айбек Өтеғалиевтің демеушілігімен ауылдық округтер арасында шағын футболдан сайыс өтті. Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынды «Қаратөбе» командасы иеленсе, «Қаратөбе-1» және «Қалдығайты» командалары 2, 3 орындарды бөлісті. Аталмыш аяқ допшылар додасын дәстүрлі түрде жыл сайын өткізу жоспарлануда.

         Ажаргүл ӘЛИЕВА,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

IMG_5432 IMG_5406 IMG_5460

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале