8.02.2019, 16:40
Оқылды: 48

Сырым ауданы әкімінің есебі басталды

Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиевтің халық алдындағы есептік кездесуі басталды. Дәстүрлі жиынға облыс әкімінің орынбасары Ғали Есқалиев қатысып отыр. Алдымен ауданда жыл бойына атқарылған жұмыс бейне ролик арқылы көрсетілді.

syrym (2)

         -Аудандағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 249,8 млн. теңге. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2 млрд. 162 млн. теңге, 2017 жылдың тиісті кезең деңгейінен 105,3%-ға көбейді. Соның ішінде жеке сектор қаражаты есебінен тартылған инвестиция көлемі 1 млрд. 269 млн. теңге боп, көрсеткіш есептік кезеңмен салыстырғанда 4,3 есеге өсіп отыр.

         Елбасы өз Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру міндетін қойған болатын. Ауданның ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 9,6 млрд. теңге. Мемлекеттен ауыл шаруашылығы саласына 391,4 млн. теңгеге қолдау көрсетілген болса, соның ішінде егін шаруашылығына 9,9 млн. теңге, мал шаруашылығына – 333,2 млн. теңге, инвестсубсидиялауға – 48 миллион 300 мың теңге төленді.

         Жыл қорытындысымен ірі қара малы 3,7%-ға, жылқы 11,3%-ға, түйе 18,9%-ға өсті,- деді баяндамасын бастаған аудан әкімі.

syrym (9)

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале