18.09.2018, 11:20
Оқылды: 23

Сырым ауданында жеке тұлғалар мен кәсіпкерлердің табысы артқан

Бұл туралы бүгін Батыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев мәлімдеді.

Сырым ауданы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі есептік кезеңге 614,4 млн. теңгені құрап отыр. Соның ішінде жеке қаржы көлемі 267,7 млн теңгені құрап былтырғы жылмен салыстырғанда (195,0 млн теңге) 37,3%-ға көбейген. Көрсеткіштерден белгілі болғандай, ауданда жалпы инвестиция көлемі азайғанымен, жеке қаржылар бойынша инвестиция көлемі кемімеген. Бұл қазіргі уақытта Сырым ауданындағы жеке тұлғалар мен кәсіпкерлеріміздің табысының артқанын білдіреді.

Сырым ауданы бойынша өндіріс өнімінің нақты көлемі де өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 2,3 пайызға көбейген.

Бауыржан Ширмединұлы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале