30.06.2020, 15:46
Оқылды: 91

Сырымда фильмнің ресми көрсетілімі болды

 Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби мерекесіне орай Сырым аудандық мәдениет үйінде «Сырым елі» газетінің тілшісі, журналист, ҚР Журналистер одағының мүшесі Шынар Молданиязованың әңгімесінің желісімен түсірілген «Қос қарлығаштың қасіреті» атты қысқаметражды фильмнің ресми көрсетілімі болды. Көрсетілімге фильмге түскен актерлар, редакция ұжымы қатысты.

4D43614B-6C32-409B-8286-5EED3421808F

Ш.Молданиязованың «Қос қарлығаштың қасіреті» деген әңгімесі шынайы өмірден алынған. Туындыда автор қызғаныштың кесірінен күйеуінің қолынан ажал құшқан жас келін Балерке мен әйелінің, кейін өзінің түбіне жеткен Асқардың тағдырын ауладағы қос қарлығаштың тірлігімен салыстыра суреттейді. Нұрша әжей мен немересі Айдардың бір-біріне деген махаббаты көрерменді еріксіз сүйсіндіреді. Қоюшы режиссер Ақкүміс Мұрадымова фильмді түсіру барысында қазір кемшін қасиетке айналған көршілердің де татулығын, дастархан тәрбиесін де ерекше екпінмен көрсетуге тырысқан. Түсірілім үшін табиғаты әсем, тұрмысы берекелі Тоғанас ауылы таңдалыпты.

3448F789-C4FB-4565-9467-E0B63F45625F

Рөлдерде Жасқайрат Кенжебаев, Баян Құбаева, Сәндібек Өтеғали, Алмаз Жұмагелді, Армат Жүсіпқалиев сияқты театр актерларымен бірге Алмаз Есмұханов, Шолпан Ранова секілді ауылдың тұрғындары ойнаған. Фильм үшін ақын Бауыржан Ширмединұлы мен сазгер Нұрлан Төлеуішов арнайы ән жазып, оны әнші Дархан Қажығалиев орындаған.

4EB0A1D9-445A-49CD-85E1-43C238048DA1

Ресми көрсетілімнен кейін аудандағы мәдениет қызметкерлері «Сырым елі» газетінің журналистеріне гүл шоғын ұсынып, құрмет көрсетті. Түсірілім тобына «Жайық Пресс» медиахолдингінің бас директоры Рауан Сәбитовтың атынан алғысхат пен естелік сыйлық тапсырылды.

16BF1D27-60E3-4818-97C9-F441AC578159

 Б. Шерім,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале