11.10.2019, 18:32
Оқылды: 188

Сырымда мәдениет үйінің директорлары қайырымдылық шарасын өткізді

 «Қайырымдылық айлығы» аясында жымпитылық 2 жасар Айша Есмагуловаға арнап Сырым ауданының мәдениет қызметкерлері шара өткізді. Шараның ерекшелігі Сырым ауданы бойынша әрбір ауылдық округтің мәдениет үйінің директорлары өнерлерін ортаға салды.

syrym (4)

Айша Асылбекқызы қазіргі таңда Ақтөбе облыстық балалар ауруханасында ем алуда. Дәрігерлер қойған диагнозы, гиршпрунг ауруы (тоқ ішектің бір бөлігінде немесе толығымен ішек қабырғасының интрамуральды жүйке өрімдеріндегі функциялық бітелуіне әкеп соғатын ганглионарлы жасушалардың болмауымен сипатталатын туа біткен даму ақауы). Концерттің билеттерін сатудан түскен және қайырымдылық жәшігіне жиналған қаражат кішкентай бүлдіршіннің еміне аударылады.

syrym (7)

Шарада аудандық өнерпаздар өнер көрсетіп, көркемсөз оқылды. Қайырымдылық жәшігіне жиналған қаражат аудандық мәслихаттың депутаты Серік Тоқмамбетов бастаған арнайы тағайындалған комиссия мүшелері, бүдіршіннің әжесі Галина Сүндетқызы және залдан екі ауыл тұрғыны қаражатты есептеді.

syrym (5)

Айта кетерлігі, қаржы жинауға үлесін аудан орталығындағы Қ.Мырзалиев атындағы мектептің 9-сынып оқушылары да қосқан. Кеш соңында жиналған 299 мың 200 теңгені аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Салауат Нұрпейісов пен залдан шақырылған Тұрғали Ерғалиев Айшаның әжесі Галина Сүндетқызына табыстады. Галина Сүндетқызы барша қайырымды жандарға алғыс айтты.

         Айжан Бауыржанқызы
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

syrym (2) syrym (3) syrym (8) syrym (9) syrym (11) syrym (12)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале