8-707-808-48-55
17.01.2020, 11:27
Оқылды: 56
Сырымда салық кодексіндегі өзгерістер түсіндірілді

Сырым ауданында ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекске еңгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты түсіндіру семинары өтті.

salyq

Семинарға аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Арман Гумаров, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев, «Атамекен» ҰКП аудандық филиалының өкілі, ауыл әкімдері, есепшілер, шаруа қожалық басшылары, ЖШС жетекшілері, жеке кәсіпкерлер, мекеме есепшілері қатысты.

Жиында айтылғандай салық кодексіндегі жаңа бап бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңде арнаулы салық режимдерін қолданатын және микрокәсіпкерлік немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері бар азаматтарға жер салығының бағасы төмендейді.

  Жеке кәсіпкерлерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары үшін медициналық сақтандыру бойынша жұмыс берушілердің қорға төленуге жататын аударымдары есептеу объектіснің 2%, дара кәсіпкерлердің жарналарды есептеу объектісінің 5% мөлшерінде белгіленбек.

 

Айжан Амангелдина

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар