18.11.2019, 17:05
Оқылды: 112

Сырымда шеберлер бақ сынады

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Сырым колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас мамандар арасындағы «Шеберлер күні» атты облыстық байқауы өтті.

syrym (4)

Сырым колледжінің директоры Санат Берсебаев қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Байқауда 16 колледждің мамандары бақтарын сынады. 3 кезеңге созылған байқауда БҚО кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Абулкаирова, жұмыспен қамту орталығының маманы Руслан Мырзағалиев, С.Датұлы атындағы тарихи өлкетану музейінің меңгерушісі Айнагүл Ойшыбаева, Орал политехникалық колледжі арнайы пән оқытушысы Гүлмира Сұлтанова, Тайпақ колледжінің аға шебері Қайыржан Сариева қазылық етті.

syrym (1)

-Қатысушылар таңқалдырудан шаршамады. Бірі түріктің қатпарлы пахлавасының жасалу жолын көрсетсе, енді бірі медициналық майшамды қалай пайдаға асыру керектігін үйретті. Әр қатысушының өзіне тән ерекшелігі бар, - деді облыстық техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері Жанара Карманова.

syrym (5)

Байқаудың қорытындысында Орал «Сервис» технологиялық колледжінің шебері Оразай Өтегенов, Бәйтерек колледжінің шебері Ақжол Камешов, Сервис және жаңа технологиялар колледжінің шебері Халуаш Дюсенгалиева 3 орынды иемденсе, Қаратөбе колледжінің шебері Асыланбек Жұбанғалиев пен БҚ индустриалды колледжінің шебері Бақтияр Қалиев 2 орынға лайық деп танылды. Жаңақала колледжінің шебері Жанаргүл Тлеубергенова 1 орынды иеленді. Теректілік Сымбат Сүндетова «Ізденімпаз шебер», сырымдық Лаура Мұхамбетжанова «Білікті шебер», А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі Эльдар Ізғалиев «Шығармашыл шебер», М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің атынан қатысқан Нұрлыбек Хаирлиев «Белсенді шебер» аталымына ие болды.

Айжан Амангелдина
Сырым ауданы

syrym (2) (1) syrym (2) syrym (3)

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале