16.03.2019, 13:27
Оқылды: 53

Сырымда «Сырым батыр» жырын оқудан байқау өтті

Сырым ауданында алғаш рет, Жәрдем Тілековтың «Сырым батыр» дастанын жатқа оқудан «Сырымнан жеткен сырлы сөз» атты жыр байқауы өтті.

2

 Жыр байқауының өтуіне Сырым Датұлы атындағы қоғамдық қор, Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі және аудандық білім беру бөлімі қолдау білдірді. Байқаудың ашылу рәсіміне аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, «Нұр Отан» партиясының  Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев қатысып, тәрбиелік мәні зор шараның бастау алуымен құттықтап, жыршы өрендерге сәттілік тіледі.

Сайысқа 5-8 сынып оқушыларынан  16 үміткер қатысты.

Жырды жатқа оқығандардың дауысының ашықтығы, мәнері, түсініп оқуы, актерлік шеберлігі, киім үлгісі, музыкамен сүйемелденуі бағаланды. Түстен кейін жыр байқауының қорытынды бөлімі өтті. Онда жүлдегерлер марапатталып, концерт ұйымдастырылды. Бірінші орынды балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының  тәрбиеленушісі Айнелла Искакова жеңіп алды. Бірінші орынның жүлдесі – 15 000 теңге. Оның киім үлгісі, мәнерлеп оқуы, актерлік шеберлігі, музыкалық сүйемелденуі, жырды жатқа айту ұзақтығы қазылар алқасына ерекше ұнады.  Айнелланы байқауға дайындаған «Жас жыршы» үйірмесінің жетекшісі - Әсел Әбдубәли. Екінші орынды Абай мектебінің оқушысы  Данияр Молдашев иеленіп, 10000 теңге ақшалай сыйлыққа қол жеткізді. Ал үшінші орын Көгеріс мектебінің оқушысы Нұрайлым Рахатоваға бұйырды. Нұрайлым 5000 теңгеге ие болды. Бірінші орын мен екінші орын иегерлері Айнелла Искакова мен Данияр Молдашев сахнада «Сырым батыр» дастанынан үзінді оқып, көрермендердің қошеметіне бөленді. «Жас жырау» аталымымен ең жас қатысушы, Сырым батырдың тікелей ұрпағы, Сырым мектебінің 4-сынып оқушысы Дарын Рәш марапатталды. «Сөз зергері» аталымы Бұлан мектебінің оқушысы Азалия Бериковаға, «Жас дарын» аталымы  Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп оқушысы Мархаба Нұрболатқызына бұйырды.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы,

Zhaikpress.kz

3

4

1

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале