25.08.2018, 10:19
Оқылды: 62

Сырымда ұстаздардың «Құрмет тақтасы» жаңартылды  

 

Syrym ustazdar (1)Сырым аудандық білім беру бөлімі ғимаратының алдындағы жаңғыртылған «Құрмет тақтасының» таныстырылымы болды.


 

Биыл «Құрмет тақтасына» Сырым ауданы бойынша жалпы білім беретін орта мектептер мен негізгі мектептерде, мектепке дейінгі ұйымдарда, қосымша білім беру ұйымдарында және колледжде еңбек ететін 30 педагогтың суреті ілініп, есімдері жазылды.

Олар 2017-2018 оқу жылында жақсы жетістікке жеткені, сол арқылы ауданның білім беру саласының деңгейін көтеруге атсалысқандары үшін осы құрметке ие болып отыр.

Әріптестерін аудандық білім беру бөлімінің басшысы Зәмзәгүл Ерғазиева құттықтады.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале