21.11.2017, 15:53
Оқылды: 19

Сырымдық 414 бүлдіршін балабақша кезегінде тұр

Баспасөз мәслихатына қатысқан аудан әкімі Төлеген Төреғалиев бұл мәселе шешілетінін айтты.

- Кезекте тұрған бүлдіршіндердің басым бөлігі аудан орталығында болғандықтан, Жымпиты ауылынан 280 орындық балабақша құрылысының  жобалық-сметалық құжаттамалары дайын, құны 722 млн. теңге. Бұл жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасына енгізілді. Ендігі кезекте аудан және өзге де кәсіпкерлерге жобаға қатысу жөнінде ұсыныстар жасалды. Мұның сыртында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында 2 жеке балабақша ашу бағытында жергілікті кәсіпкерлер тарапынан жұмыстар жүргізілуде.

Биыл республикалық бюджеттен бөлінген 156,2 млн. теңге қаржыға жалпы білім беретін Сырым орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мұның сыртында жергілікті бюджет қаржысына ЖББ Жетікөл бастауыш мектебінің ғимаратына ағымдағы жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар, мектептерге 31 интерактивті тақта алынып берілсе, 19 мектепке интернет желісі орнатылды.

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале