3.11.2017, 11:59
Оқылды: 20

Сырымдық екі оқушы халықаралық байқаудың Гран – при иегері атанды

Ақтөбе қаласында өткен  «Әлем TALANT STARS» атты халықаралық байқауда Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығының оқушылары  Ақбота Ширмедин мен Гүлназым Ерболатова Гран – при иегері атанды.

Ширмедин Ақбота «Көркем сөз» аталымы бойынша 68 қатысушының ішінен үздік атанды. Мейірбек Тайманов жетекшілік ететін «Дарын» ақындар үйірмесінің мүшесі Ақбота осы жылдың басында оқушылар арасында өткен республикалық ақындар мүшайрасының жеңімпазы атанған болатын.

Гүлназым Ерболатова - орталықтың жанындағы «Драма» үйірмесінің мүшесі. Жетекшісі – белгілі режиссер Эльдар Әубәкіров. Гүлназым «Драма» аталымының негізгі жүлдесін алып қана қоймай, байқаудың «Көркем сөз» аталымында жүлделі І орынға ие болды.

Бұл халықаралық байқауда Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығы жалпы өте сәтті өнер көрсетті. Жоғарыда айтылған «Дарын» ақындар үйірмесінің оқушысы Аружан Иосифова «Көркем сөз» аталымы  бойынша  өз тобында І орынның иегері атанды. Қайрат Рахметов жетекшілік ететін «Вокал» үйірмесінің оқушысы Аруна Закина І орын, ал Нұргелді Ғабдуллин ІІІ орын алды. Ауданның атынан өнер көрсеткен «Аружан» және «Айналайын» би ұжымдары өз топтары бойынша І орынға тұрақтады. Бұл би ұжымдарына Айнагүл Сарғозиева мен Гүлшат Нұрмұханова жетекшілік етеді.

«Дарын» ақындар үйірмесінің оқушылары бүгін тағы бір республикалық шығармашылық байқауда бақ сынайды.

«Сырым елі» 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале