14.01.2019, 17:34
Оқылды: 17

Сырымдық кәсіпкер пластик өңдеуге грант алды

Сырым ауданында «Жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша 4 адамға қайтарымсыз грант берілді.

IMG_3190

Солардың бірі Жымпиты ауылының тұрғыны Аманжол Серғазиев 240 мың теңге қайтарымсыз грантқа ие болып, «МИ-500» деп аталатын пластикалық құтыларды турайтын аппарат сатып алып, жұмыстануда.
Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, жұмыспен қамту орталығының басшысы Саламат Иманғалиев А.Серғазиевтің кәсібімен арнайы барып танысты.

         «МИ-500» аппараты пластикалық бұйымдардың бәрін ұсақтайды. 5 минут ішінде екі қап пластикалық құтыны үгітеді. Ұсақталған пластикалық ыдыстар – өрнектас төсеуде таптырмайтын шикізат.

         Жаңашыл кәсіпті қолға алған Аманжол Тасеменұлы болашақта біртіндеп өрнектас шығарғысы келетінін жеткізді. Аудан басшысы Төлеген Серікқалиұлы көмек сұраған Аманжол Серғазиевке ұсақтағыш аппаратты қосу үшін қажетті үш фазалық электр бағанасын орнатып беруге ықпал ететінін айтты.

IMG_3200

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

 

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале