19.07.2019, 10:52
Оқылды: 386

Сырымдық шаруалар «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» 87 миллион теңге несие алды

Сырым ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» 2-бағыты бойынша берілетін несиелерді аудан тұрғындарына түсіндіру мақсатындағы жиналыс өтті.

фото5

Жиынға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы директорының орынбасары Нұрбол Жұмағалиев, несиелендіру бөлімінің басшысы Азамат Ахметов және ауылдық округтер бойынша несие алуға ниет білдіруші шаруа қожалықтарының өкілдері мен жеке кәсіпкерлер, мекеме басшылары және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры С.Иманғалиев ауыл тұрғындарын несиелендіруге Сырым ауданына 250,0 млн. теңге бөлінгенін, бүгінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ға құжат тапсырған 29 адамның 23-і 87,7 млн. теңге несие алып, бөлінген қаржы 35,2 пайызға игеріліп отырғанын айтты. «Игілік» бағдарламасымен 20 адам 58,7 млн. теңге, «Кәсіпкер» бағдарламасымен 1 шаруа қожалығы 10,5 млн. теңге, «Сыбаға» бағдарламасымен 2 шаруа қожалығы 18,5 млн. теңге несиеге қол жеткізген.

фото2

Жиналыс барысында негізгі бағдарламаларды игеру бағытында кеңінен түсіндіріліп, қол жеткізген несиенің берекесін көру үшін жұмыла еңбек ету жөнінде де сөз болды.

Орталық басшысының сөзіне қарағанда, ауылдық округтерде несие беру жұмыстары төмен екен. Сондықтан алдағы уақытта, 2018-2019 жылдары «Бастау бизнес» жобасына оқып, бірақ несие алмаған 117 адамға несие алып беру жұмыстары жүргізілмек.

фото4

Айжан АМАНГЕЛДИНА,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале