4.07.2017, 18:24
Оқылды: 25

Тараздан табысты оралды

 

9Жақында Тараз қаласында облыстық «Ақ жол» газетінің жүлдесіне арналған тоғызқұмалақтан республикалық-рейтингілік ашық турнирі өтті. Оған еліміздің 8 облысынан 170-тен астам спортшы қатысты.


Осы жарыста Жаңақала аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тоғызқұмалақшылары бақ сынаған болатын. Байрақты бәсекеде жаттықтырушы Қайрат Маратұлының шәкірті Нұрберген Түсіпқали 10 жасқа дейінгі ұлдар арасында өз шеберлігін дәлелдеп, күміс жүлдеге ие болды.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале