7.11.2017, 15:51
Оқылды: 41

Тасқала өңірінің энциклопедиясы жазылуда

111_3663Тасқала ауданының 85 жылдық мерейтойына орай ауданның энциклопедиясын жазу қолға алынды.

 Осы орайда БҚО тарих және археология орталығының басшысы М.Сыдықов әріптестерімен бірге ауданымызға ат басын тіреді. Өздері негізін жасаған энциклопедияның құрылымымен таныстырып, ой-пікірлерін ортаға салды. Қазіргі уақытта аудан энциклопедиясын жасақтау бойынша комиссия құрылып, кітапқа енетін материалдар жинақталуда.

Айта кетейік, энциклопедияға материалдар жинақтау және жазу жұмысы Тасқала ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің базасында жүргізіледі.

Тұрғындар аудан энциклопедиасына енгізуге лайықты тұлғалар туралы ұсыныстарын мына мекенжайға жолдай алады: Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, 16 үй, «Қазақтелеком ғимараты», 2-қабат. Аудандық кітапхананың өлкетану бөлімі. Телефон нөмірі: 87113921485, электронды мекен-жайы: [email protected] .

Әсемгүл БЕКЕШЕВА,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале