7.02.2018, 11:10
Оқылды: 52

Тасқалада ауыз су бағасы 30 теңгеге дейін төмендеді

Бұл туралы аудан әкімі Санжар Әлиев есебі кезінде айтты. Жалпы аудан тұрғындарының 92,1% ауыз сумен қамтылған екен.

Биыл Тасқала ауылдық округінде жергілікті бюджеттен жалпы сомасы – 6 млн. 980 мың теңге қаржы бөлініп, ұзындығы – 4 км болатын 11 көшеге (Доспамбет жырау, Амангелді, Саябақ, Береке, Шамов, Ақжол, Азаттық, Панфилова, Халықтар достығы, Жағалау, Темір Масин) ауыз су жүйесі жүргізілді.

- Су бағасын төмендету – бірнеше жылдан бері көтеріліп келе жатқан мәселе. Бұл бағытта 2015 жылдан бері бірқатар жұмыстар атқарылды. Құрметті Алтай Сейдірұлы, өзіңіздің қолдауыңызбен биыл су бағасын төмендетуге субсидия төленетін болды. Ауыл тұрғындары атынан шынайы  ризашылығымды білдіре отырып, рахмет айтамын. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап 1 текше метр ауыз су бағасы 30 теңгеге дейін төмендеді, - деді аудан әкімі.

 zhaikpress.kz

Сурет: Айбатыр Нұраш

taskala (1) taskala (2) taskala (6)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале