18.10.2017, 11:19
Оқылды: 29

Тасқалада бір аптада 5 іс қысқартылды

Тасқала ауданында 11 кәсіпқой емес медиатор бар. Олардың көмегімен екі жақ ортақ бітімге келіп, даулары сотқа жетпеген істердің саны артып келеді. Өткен бір аптада 2 қылмыстық және 3 әкімшілік іс медиация тәртібімен шешілді.

Мәселен, түнгі сағат 23:10 шамасында үйінде жанжал шығарған С. есімді азамат, әйеліне балағат сөздер айтқан. Мұнымен қоса, отбасылық-тұрмыстық қатынаста тұратын адамдардың тыныштығын бұзып, құрметтемеушілік танытып, әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 1-бөліміне сәйкес құқықбұзушылық жасаған. Тараптардың бітімгершілікке келуіне байланысты әкімшілік іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Ал қылмыстық істер бойынша кәсіпқой емес бітімгер Ш.Мусин «Медиация туралы» Заңның талабына сәйкес медиация рәсімін өткізіп, тараптар өзара келісімге келді. Дауды реттеу туралы келісім сотқа ұсынылды. Қылмыстық істер өндірістен қысқартылды.

Р.ХИСАМЕТДИНОВ,

Тасқала аудандық сотының бас маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале