16.01.2019, 10:42
Оқылды: 45

Тасқалада бір қабатты үйдің шатыры құлады

Тасқала ауданы Достық аулында төтенше жағдай орын алды. Оған соңғы күндері болған ауа райының күрт бұзылуы себеп.

Аудандық ТЖБ басшысы М.Шәуеновтің хабарлауынша оқиға 14 қаңтар күні, сағат 10:05 те болған. 1986 жылы бой көтерген екі пәтерлі, бір қабатты үйдің шатыры құлап қалған.

Екі пәтерлі үйдің шатыры - 168 ш/м. Мамандардың сөзіне сүйенсек шатырдың құлауына төбеге түскен қардың дер кезінде тазаланбауы себеп болған. Үй иесі өзінің қателігін мойындап отыр.

-Екінші пәтердің иесі мезгілдік жұмыста болғандықтан үйіне кіре алмадық. Алайда мамандар пәтердің жан-жағын тексеріп, үйдің терезесінен қарап құлап жатқан дүниелер байқалмайтынын айтты. Зардап шеккендер жоқ,- дейді аудандық ТЖБ басшысы Мәди Тахирұлы.

Айым Руслан,

Тасқала ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале