18.01.2018, 17:09
Оқылды: 20

Тасқалада қоғамдық кеңестің жылдық қызметі қорытындыланды

БҚО әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі өкілі, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі А.Есекенова мен Тасқала ауданы әкімінің міндетін атқарушы А.Баяндықовтың қатысуымен қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Алдымен, аудан әкімінің міндетін атқарушы Арсен Толқынұлының есебі тыңдалды. Өткен жылға шолу жасаған А.Баяндықов аудан көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталды.

-Жылдық бюджет көлемі 4 млрд 139,3 млн.теңге құрады. 2016 жылмен салыстырғанда 16,3% артты. Тиісті бөлінген қаржының 99,8% игеру жоспарланып отыр. Салық және басқа да төлемдердің мемлекеттік бюджетке түсуі 101,8% құрайды,- деген ол ары қарай ауылшаруашылығы, халықты жұмыспен қамту, құрылыс салаларынан да хабар берді.

– Ауданымызда 18 АӨК бар. Кооперативтер 12 тұқымдық түрлендіру, 3 мал бордақылау, 2 аралас және 1 сүт қабылдау бағыттары бойынша жұмыс атқаруда. Асыл тұқымды «қазақ ақбас», «абердин ангус» және «герефорд» тұқымды ірі қара малын өсірумен «Арай», «Болашақ», «Аманбаев», «Али» және «Армат» шаруа қожалықтары айналысады.

Халықты жұмыспен қамтудың кешенді жоспары «Аумақты дамыту», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы», «Агробизнес 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамыту» бағдарламаларымен жүзеге асуда. Бағдарламалар аясында  есепті мерзімге 1445 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысты,- деді.

Сондай-ақ аудандық білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Г.Батырғалиева, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Л.Тастамбекова және аудандық мәслихат аппаратының басшысы Т.Ержігітованың баяндамалары тыңдалды.

Жиын соңында облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі А.Есекенова сөз алып, атқарылып жатқан жұмыстарға сәттілік тіледі.

– Дәл осындай қоғамдық кеңес облыс көлемінде де қызмет атқаруда. Оған қатысқан жан өзін толғандырған сауалын ортаға салып, ұсыныс-пікірімен бөлісуге мүмкіндік алады. Жыл бойына атқарылған жұмыстар, аяқталып үлгермей қалған жұмыстар да осындай жиында нақтыланады. Қоғам мен билік арасындағы көпір іспеттес кеңес мүшелеріне табыс тілеймін, -деді Айгүл Оразқызы.

Әсемгүл БЕКЕШЕВА,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале