7.11.2018, 13:04
Оқылды: 62

Тасқалада пәкістандық азамат ағылшын тілін үйретуде

 «Нұр Отан» партиясының бастамасымен «English for jastar» партиялық жобасы қолға алынған болатын. Осы орайда облыстағы белгілі оқу орнының белсенді студенттерімен қатар, шет елден арнайы мамандар шақырылды. Тасқала ауданына осы жоба аясында Эмиль Кхан есімді Пәкістан азаматы келді.

шетел3

Тасқалаға арнайы келген шетел азаматына аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез ауылдың көрікті жерлерін таныстырып шықты. Айта кетейік, аталмыш жобаға қатысушы Жәңгір Мүбинов осыған дейін өз жұмысын бастап кеткен. Бүгінде Эмиль Кханмен жұмыс жасап, аудармашылық қызметін де атқаруда.

Думан Ғазездің айтуынша, Эмиль мырза аталмыш жобаға қатысуға өзі сұраныс тастап, еріктілік танытқан.

-Ауыл жастарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ағылшын тілін үйренуге мүмкіндік жасау – өзекті мәселелердің бірі. Аталған жобаның басты мақсаты Қазақстан аймақтарында шет тілін үйренуде төмен мотивация мәселесін шешу және ағылшын тілін меңгеруді қол жетімді ету болып табылады. Облыс бойынша ең алдымен жоба Ақжайық, Теректі, Сырым, Бөрлі, Зеленов және Тасқала аудандарында пилотты түрде жүзеге асуда. Әр ауданға М.Өтемісов атындағы БҚМУ, БҚИТУ, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж студенттері мектептер мен коворкинг орталықтарында сабақтан тыс уақытта 8-11 сынып оқушыларына арнайы speaking club, деңгейлік «Elementary»  және «Pre-Intermediate» бағдарламалары бойынша «Oxford» университетінен шығарылған кітаптармен сабақтарды жүргізетін болады,- деді Д.Ғазез.

Ауданның тыныс-тіршілігімен танысқан мейман Қ.Сәтбаев мектебі оқушыларымен жүздесті. Оқыушылардың белсенділігін көрген жаңа оқытушы олармен тіл табысып, жұмыс қызықты өтетінін айтты.

Пәкістаннан келген қонақ Қ.Сәтбаев атындағы мектепте 15 күн жұмыс жасайтын болады. Шетел азаматымен ағылшын тілінде сөйлесу оқушылар үшін тілді практикалық тұрғыдан игеруге зор мүмкіндік берері анық.

шетел шетел2 шетел5

 

Әсемгүл БЕКЕШЕВА,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале