9.11.2017, 11:01
Оқылды: 33

Тасқалада Whatsapp желісі арқылы екі қылмыс ашылған

 

Прокуратура (3)Бұл туралы ведомствоаралық кеңесте аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы Арман Қасымов хабарлады. Тұрғындар өздері куәгер болған қылмыстық оқиғаны whatsapp желісі арқылы учаскелік инспектор нөміріне жіберген.

-Биыл ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңының қолданылуына баса назар аударылып, «Өтініш (арыз) мемлекеттік қызметші индикаторы» жобасы іске асырылған еді. Мемлекеттік органдарда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті, жан-жақты әрі уақытында қаралуын қамтамасыз етуге бағыттылған жоба өте тиімді. Жоба аясында ауылдық округерде ашық есік күндері мен қабылдау өткізіліп, жергілікті билік тұрғындарға тағы бір қадам жақындай түсті.

Мұнымен қоса, «Өзіңнен баста» жобасы да қылмыстың алдын алып, азаюына септігін тигізуде. Құқық қорғау, жергілікті мемлекеттік орган мен қоғамдық ұйымдар бірлесе шаралар жүргізіп, нәтижесінде әкімшілік құқықбұзушылық азайды,- деді аудан прокуроры Мейірхан Ізімов.

Бас қосу барысында аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы Арман Қасымов өлкедегі қылмыстың хал-ахуалы жайында баяндады. Айтуынша, 2017 жылдың 10 айында 1006 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. Оның ішінде белгіленбеген орында сауда жасау, тыныштықты бұзу, қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішу мен мас күйінде жүру,  жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзу өткен жылмен салыстырғанда азайған. Бұл халықтың да көмегімен жүргізілген жұмыстың нәтижесі. Сонымен қатар әр тұрғын куәгер болған қылмыстық оқиғаны whatsapp желісіндегі учаскелік инспектор нөміріне жібере алады. Жыл басынан аталмыш whatsapp желісі арқылы келген ақпарат арқылы екі қылмыстық істің беті ашылыпты.

Динара БЕРІШ,

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале