6.02.2019, 11:26
Оқылды: 27

Тасқалада жаңа цех ашылмақ

Тасқала ауданы әкімі Алдияр Халеловтың есептік кездесуінде облыс әкімі Алтай Сейдірұлына таныстырылған жобалар қатарында алдағы жылы іске қосылмақ жаңа цех ашу жоспары көрсетілді.

tasqala (7)

           «Феррум Контракт» ЖШС қолға алған құтыдағы су өндіру цехы 2019-2020 жылдары іске қосылады. Мамандардың айтуынша, инвестицияның жалпы құны 120 млн.теңге. Өндіріс қуаттылығы сағатына 2000 бөтелкеге жететін болады. Жоба іске қосылса 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

            Алма бағын ашудың алғашқы кезеңі 2019-2021 жылдары жүзеге асып, бұл жоба құны 8 млн. долларды құрамақ. Аталмыш жоба аясында 70 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

           Ал екінші кезеңде сауда-логистика орталығын ашу жоспарда. 6 млн. доллар тұратын жоба жүзеге асса, тағы 30 жұмыс орны ашылмақ.

         Жобалармен танысқан өңір басшысы жаңа жоспарлардың қажетін айтып, толық іске асып кеткенше бақылауда ұстауды тапсырды.

Назгүл Жәрдемова,

суретті түсірген Темірболат Тоқмамбетов

Тасқала ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале