7.02.2018, 10:36
Оқылды: 77

Тасқалада жол жөндеу жұмыстары жалғасады

 

Халық алдында есеп берген аудан әкімі Санжар Әлиев осы мәселеге де тоқталды.

Санжар Жұматайұлының айтуынша, Тасқала ауданы бойынша 2016-2017 жылдары жалпы ұзындығы 10426 метр ауылішілік жолдарды күрделі жөндеуден өткізуге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда 7431 метр жол толықтай аяқталды. Қалған ұзындығы 2995 метр құрайтын 2 көшенің (Шамова, Маметова) автомобиль жолдары көшпелі тәсілмен күрделі жөндеу жұмыстары биыл аяқталатын болады.

- 2016-2017 жылдары көшпелі тәсілмен шалғай орналасқан Оян және Атамекен ауылдарына дейінгі жалпы ұзындығы 32 км құрайтын автомобиль жолдарына үнемделген қаржыдан (79,35 млн.теңгеге)  жергілікті материал опока төселіп, тығыздау және тегістеу жұмыстары жүргізілген болатын. Осы жол бойынша есептік кездесулерде көп сын-пікірлер айтылды. Бірақ күзгі жауын-шашын кезінде опока төселген жолдар  езілмей, ауыл арасындағы қатынас үзілген жоқ.

Сонымен қатар биыл күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан орталығындағы 28 көше және 3 шағын ауданның автомобиль жолына 4 жобалық-сметалық құжаттары дайындалды. Екі жоба ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жолданып, қазіргі таңда бір жобаның құжаттары толықтай дайын. Жоба құны - 422,340 млн. теңгені құрайды. Бұл жоба көшпелі тәсілмен 2 жылға жоспарланған.

Алтай Сейдірұлы, ауданымыздың ауылішілік жолдарын жөндеуді жалғастыру үшін бюджетті нақтылау кезінде қаржы бөлуіңізді сұраймын. Олар – Тасқала ауылының Ш.Қалдаяқов көшесінің бір бөлігі, Шежін, Х.Доспанова, Т.Жароков, Әбілхайыр хан көшелері, Д.Нұрпейісова және Скоробогатов көшелерінің бір бөлігі, «Көктем» және «Самал» шағын аудандарының автомобиль жолдары, - деді С.Жұматайұлы.

zhaikpress.kz

Сурет: Айбатыр Нұраш

taskala otshet (5) taskala otshet (13)

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале