29.12.2020, 18:01
Оқылды: 33

Тасқалалық тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды

Үміткерлермен кездесу Тасқала ауданына қарасты Амангелді ауылдық округінің мәдениет үйінде де оздырылды. Оған «Интергаз Орталық Азия» АҚ БПҰ төрағасы Алибек Хафизов, аудандық «Nur Otan» Тасқала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Люция Жұбанышқалиева, Шежін ЕАМ еңбек ұжымы қатысты.

амангелді

Басқосу барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламалары жөнінде ақпараттар түсіндірілді. Кездесу барысында төтенше жағдай кезінде партияның атқарған жұмыстарына тоқталып, барша ауылдастарды сайлауға дауыс беруге шақырды. Ұсыныс-пікірлер тыңдалып, тұшымды жауаптар да алынды.

Жиын соңында партияның үгіт-насихат парақшалары таратылды.

Болат Бек,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале