2.11.2017, 17:31
Оқылды: 22

Тасқаланың ішінде автобус жүре бастады

автобусТасқала ауданы орталығының ішінде жолаушылар тасымалдайтын «ПАЗ» автобусы маршруттық айналымға шықты.

Өткізілген конкурс нәтижесінде жергілікті кәсіпкер Бауыржан Сакпиреев ауылішілік автобус қызметін міндетіне алып отыр. Қоғамдық көлік таңғы сағат 7:30-дан кешкі 19:30-ға дейін жұмыс атқармақ. «С.Жақсығұлов» атындағы шағын ауданы аялдамасынан «Сәулет мектеп-гимназиясы» аялдамалары аралығында жол жүріп, барлығы 14 аялдамаға тоқтайды.

Осылайша ауыл тұрғындары енді күздің балшығы мен қыстың қытымыр мінезіне мойымақ емес. Көлік зейнет жасындағы қарттар мен мектептерден шалғай тұратын оқушыларға айтарлықтай тиімді. Жолақысы ересектерге - 50 теңге, балаларға - 25 теңге. ҰОС ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға, 7 жасқа дейінгі балаларға жол ақысы тегін.

Динара НАСЫР,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале