18.04.2017, 12:58
Оқылды: 26

Тазалық айлығы – басты назарда

Janibek ailikti otkizu barisi  Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан аумағында санитарлық-экологиялық айлығын өткізудің  жай-жапсары қаралып, тыңдалды.

  Жиында аудан әкімінің орынбасары Біржан Қуаналиев, аудан әкімінің қаулысына сай, елді мекендердің тазалығын қалыпты ұстау мақсатында биыл 1 сәуірден 31 мамыр аралығында аудан аумағында экологиялық айлық өткізілетінін, шараны өткізу жөнінде жұмыс тобы құрылып, іс-шаралар жасақталғанын баяндады.


  Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы Жәнібек Кенжеғалиев аудан аумағында санитарлық-экологиялық айлықты өткізу жөніндегі аудандық жұмыс тобы мүшелерінің міндеттер бөлінісі және жауапты орындаушылар атқаратын жұмыстардың егжей-тегжейін айтып берді.

  Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Б.Қуаналиев аудан әкімінің тапсырмасы бойынша ауылдық округтердегі санитарлық тазалық жайын, жалпы, ауылдағы хал-ахуалды білу мақсатында айлықты өткізу жөніндегі аудандық жұмыс тобының мүшелері жуық арада ауылдарға шығып, ондағы жағдаймен танысып қайтуға міндетті екендіктерін мәлім етті.

                                                                                  Н.Есенғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале