15.05.2017, 18:11
Оқылды: 34

Теректі ауданында 37100 гектар жер жыртылған

Terekti egis alkabi  Теректі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Досмақовтың айтуынша, жоспарланған 53800 гектар жердің 37100-і жыртылған.  Меморандум бойынша 39400 га жерге жаздық дәнді дақыл егу керек екен.

   Қазіргі таңда жұмыстың 38,3 пайызы орындалған: майлы дақылдар – 7624, мал азығы – 1084, картоп – 33, көкөніс 30 гектар жерге егілген.


   Бейнеті мен зейнеті бірдей жұмысқа аудан бойынша 80 шаруашылық және 350 дана техника қатысады.Топырақ құнарлығы мен өнім сапасын арттыру мақсатында 8 шаруашылық 92,05 тонна аммофос, 9 шаруашылық 76,40 тонна аммиак селитрасын сатып алуға зауыттармен келісім шарт жасасқан.

   Егін егумен айналысатын шаруа қожалықтарының бірі – «Шоланда» бүгінде 240 гектар алқапқа бидай егіліпті. Былтыр жерге түскен күздік және жаздық бидай да өсіп жатқан көрінеді. Ақ мақсары мен күнбағыс егіп, өнім алу да жоспарда бар. Облыс әкімі А.Көлгінов «Үздік агроном» аталымымен марапаттаған қожалық иесі Ұлықпан Мұхамедьяров тауық жылында да шаруашылығының тасы өрге домалап, өнімнің мол болуынан дәмелі.

Аягөз АЙБАРҚЫЗЫ

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале