11.11.2019, 15:38
Оқылды: 89

Теректіде газетке жазылу эстафетасы жалғасуда

Қазан айы басында Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов тұсауын кескен аудандық газетке жазылу эстафетасы жалғасуда. Теректі ауданының ішкі саясат бөлімі эстафетаны Федоров ауылдық округі ұжымынан қабыл алды.

terekti (1)

Аудандағы шараларды түгел қамтып, тұрғындарды ақпаратпен сусындатып отырған "Теректі жаңалығы - Теректинская новь" қоғамдық-саяси газеті қызметкерлерінің жұмысына тоқталған бөлім басшысы Жаннұр Ахметов төл газетті қолдайтынын айтты.

Жаннұр Бекбауұлының сөзіне әріптестері де қосылып, эстафетаны аудандық балалар шығармашылығы үйі мен мәдени-демалыс орталығы ұжымдарына жолдады.

Содан соң барлығы "Қазпоштаға" келіп, газетке жазылды. Ішкі саясат бөлімінен тізгінді алған аудандық балалар шығармашылығы үйі де қарап қалмады. Аталмыш мекеме аудан айнасына тегістей жазылып, кезекті Федоров ауылындағы «Ақжелкен» және «Ақбота» балабақшаларына ұсынды.

Эстафетаны қолдаушылардың қатарында аудандық экономика және қаржы бөлімі де бар. Олар эстафетаны депутаттардан қабыл алып, ұжым болып газетке жазылды. Одан игі бастаманы жалғастыруды "Nur Otan" партиясы Теректі аудандық филиалы және аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне жолдады.

Әділет Орынбасар

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале