10.05.2017, 12:04
Оқылды: 61

Теректіліктер қаһарман ерлердің ерлігін еске алды

Terekti jelbire Jenis alaui    9 мамыр күні Теректі аудандық әкімшілік алаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері және мекеме қызметкерлерінен құралған сап «Азат етуші жауынгер» ескерткішіне гүл шоқтарын қою үшін Достық үйін бетке алды.


         Қасіреті мен қуанышы бірдей болған Ұлы Жеңіс мерекесінің 72 жылдығына арналған салтанатты шарада аудан әкімі Мұрат Мұқаев сөз сөйлеп, елі мен жері, ұрпағы үшін отқа түсіп, оққа қарсы ұмтылған қаһарман ерлердің ерлігін еске алды.

    Сұрапыл соғыс кезінде ауылда қалған халықтың жан-жарасы, күйініші, бесіктен белі шықпай жатып, жұмысқа араласқан балалардың арманы бейнеленген көріністі тамашалаған көрермендер көздеріне жас алып, ауыр күрсінді. Салтанатты шарада ауданымыздың маңдайалды өнерпаздары ән шырқап, би билеп, жиылған жұрттың қошеметіне бөленді.

      Кеш соңында қонақтар Жеңіс алаңында ұйымдастырылған көрмені тамашаласа, тыл ардагерлері жауынгер ботқасынан дәм татты.

Аягөз АЙБАРҚЫЗЫ

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале