14.03.2017, 18:20
Оқылды: 23

Үлкендердің батасын алды

DSC_3815Бүгін, 14 наурыз – көрісу күні. Бұл күні адамдар      бір-бірімен амандасып, қол алысып, «Жасың құтты болсын!» деген тілектерін айтады. Осы дәстүр Қазақстанда тек біздің батыс өңірінде ғана бар. 


Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин, аудандық ішкі сяаясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова соғыс және еңбек ардагері Жұмат Сәрсембиевке, ауданымыздың өсіп өркендеу жолында аянбай еңбек еткен  ақсақалдарымыз Мұса Төреғелиев, Серік Кәрімов, Шәріп Хайруллин, Әлібек Қоңырбаев, ақ жаулықты әжеміз Жаңыл Құспанова секілді ауылымыздың еңбек ардагерлеріне арнайы барып, көрісті.

«Бұл - ежелден келе жатқан көрісу айты ғой. Қазақтың ескі салтында ауылдың үлкеніне барып көрісу – сыйластықтың белгісі. Кейінгі ұрпағымыз аман, еліміз тыныш болсын» деген ақ жарма тілектерін айтып, баталарын берді.

Тұрарбек Қайырғалиұлы

 Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале