12.12.2019, 11:34
Оқылды: 118

Ұлттық спорт ұлықталды

Бөрлі ауданы Бумакөл ауылдық округінде «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында ұлттық ат спорт түрлерінен жастар мен ересектер арасында аудандық турнир өткізілді.

bolri bumakol (3)

Турнирге Жәнібек ауданы, Бөрлі ауданы, Бумакөл жастары, Ақсай мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорты кешенінің әдіскерлері, Успен ауылдық округі командалары қатысты.

bolri bumakol (2)

Ұлттық рухты нығайтып, жастар арасында ат спортын насихаттау, дәстүрді дәріптеп, саламатты өмір салтын сақтау мақсатында өткізілген сайыста қатысушылар көкпар, жамбы ату, теңге ілу, аударыспақ сияқты спорт түрлерінен бақ сынады.

bolri bumakol (5)

Даланы дүбірге бөлеп көптің қанын қыздырған көкпар ойынында Бөрлі ауданы командасының салымдары үздік шықты. Жәнібек ауданын келген команда екенші, Бумакөл жастары командасы үшінші орынға тұрақтады.
Мергендікті көрсетіп, ептілік танытатын  жамбы ату сайысында Берік Мукашев (Бумакөл жастары) атқан оғын дөп тигізетіндігін дәлелдеп тұғырдың биігіне көтерілді. Серік Мукановта (Бумакөл жастары) одан қалыспай екінші орын алса,жәнібектік Аронов Бейбіт үшінші орынға қол жеткізді. Теңге ілуде бөрлілік Асхат Балпановқа тең келер ешкім болған жоқ. Жүректілер мен білектілер сынға түскен аударыспақ сайысының нәтижесі бойынша әр салмақта Рахат Бақтығалиев (60 келі), Арданат Сабиров (70 келі), Бейбіт Аронов (80 келі), Асхат Балпанов (90 келі), Аслан Тілеуішовтер  (+90 келі) қарсылас шақ келтірмейтіндерін дәлелдеп шықты.

bolri bumakol (6)
Командалық есепте Бөрлі ауданы командасы бірінші орынды иеленді. Жәнібек ауданынан келген команда екінші сатыға көтерілсе, Бумакөл жастары командасы жүлдегерлер сатысын түйіндеді.

Әбіл Мансұр

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале