16.03.2017, 15:07
Оқылды: 32

Ұлық мереке құрметіне

????????????????????????????????????

  Наурыз мейрамы қарсаңында Қаратөбе ауданының орталық алаңындағы киіз үйге меймандар шақырылды.


  Айтулы шараны аудандық ішкі саясат бөлімі, Мұхит Мералыұлы атындағы аудандық тарихи-өлкетану мұражайы, аудандық мұрағат мекемесі, «Қаратөбе өңірі» газетінің редакциясы және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұжымы ұйымдастырды.

  Мерекелік дастарқанға арнайы шақырылған аудан әкімі Асхат Шахаров биылғы Наурыз тойының ерекше аталып жатқандығын тілге тиек етті.

  Шара барысында жас күйші Қайрат Байғұтты күйден шашу шашса, термеші Нұршат Исламғалиев Мұхит бабамыздың әндерін нақышына келтіре орындады.

Маралбек АМАНТАЕВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале