5.12.2019, 15:52
Оқылды: 121

Волейболдан колледж лигасы өтті

Салауатты өмір салтын насихаттау, колледж студенттері арасындағы спорттық ойын түрлерін дамыту, студенттердің дене шынықтыру және спорт жүйесі сабақтарына назарын аудару, дарынды жас спортшыларды анықтау мақсатында Бөрлі ауданында колледж лига жарыстарының облыстық кезеңі өтті.

borli

Бөрлі ауылының Бөрлі спорт кешенінде БҚО білім басқармасы, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен волейболдан колледж лига жарыстарының облыстық кезеңі өткізілді.

Жарысқа ұлдар арасында Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі, медициналық колледжі, педагогикалық колледжі, гуманитарлық колледж және Тасқала ауданының, Бөрлі ауылының колледж командалары қатысты. Қыздар арасында Орал «Сервис» технологиялық колледжі мен Бөрлі колледжі, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі, педагогикалық колледжінен келген төрт команда өзара мықтыны анықтады. Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында да, қыздар арасында да педагогикалық колледждің командалары мықтылықтарын танытып, бірінші орынды қанжығаларына байлады.

Гуманитарлық колледжініңұлдар командасы жүлделі екінші, Тасқала колледжі үшінші орынға табан тіреді. Қыздар арасындағы тартыстагуманитарлық колледж екінші сатыға тұрақтаса, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі командасы үздік үштікті түйіндеді.

Мейрамбек Сыдықов

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале