23.10.2020, 11:52
Оқылды: 49

Халық әлеуеті табысына байланысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында ұтымды ұсыныстар, кесімді пікірлер мен нақты тапсырмалар молынан кездесті. Соның бәрі халықтың көңіл төріндегі ойларымен жымдаса қабысып жатқан жайттар. Жолдаудың басты артықшылығы осы, яғни, елдің талап-тілегімен үндестігі. Мәселен, Президент Қазақстанның әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту үшін қабылдануы керек нақты шараларды атап көрсетті.

 Жолдау

Елімізді ғана емес, бүкіл әлемді жайлаған коронавирус індеті ел экономикасына өз зиянын тигізбей қоймады. Сондықтан да болар, Президент шағын және орта бизнеске берілетін барлық несиелер бойынша 6 пайызға дейінгі мөлшерлемені мемлекеттік субсидиялауды тапсырды.

Жолдауда халықтың әлеуметтік жағдайына қатысты үкіметке жұмыс берушілерді жалақы қорын көбейтуге ынталандыру мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды. Болашақта оң шешімін тауып орындалса, мұның халық үшін жағымды жаңалықтардың бірі болары анық. Себебі, кәсіпкер ретінде халық тұрмысымен етене жақын жандардың бірімін. Ел экономикасының дамуы қашанда қарапайым тұрғындардың әл-ауқатының өсуінен көрінеді. Ал тұрғындардың әлеуеті ең әуелі олардың табыс көлемінің артуына байланысты екені анық. Жолдау жүктеген міндетке сай алдағы уақытта бұл мәселе де біржақты болуы тиіс.

Президент Жолдауы шеңберінде алда атқарылар жұмыс көп, ол бойынша іс-шаралар жоспары жасалатыны да заңды. Мемлекетіміздің бүгінгі және алдағы уақытта атқаруға тиісті іс-әрекетіне бағдар ретінде ерекше ықыласпен қабылдаған Жолдауды мұқият тыңдап, ой елегінен өткіздім.

Алдағы бір жылдық кезеңге арналған толымды істер мен нақты әрекеттердің бағдары іспетті құжаттың құндылығы оның сараптамалық-талдамалық мазмұнының аса қанық сипатымен айшықталады. Шынында да, Мемлекет басшысының әр сөзінің астарында зерделі көзқарас пен биік парасаттың көрінісі мен мұндалап тұр. Барлық бағыттарды қамтитын әр тапсырманың тамырында іргелі негіздеме мен қапысыз қисын жатыр.

Қысқасы, жаңа Жолдауды жағымды бастамалар жиынтығы ретінде қабылдауға толық негіз бар. Оның жүйелі жүзеге асырылуы – елдің ертенгі күні кемелдене түсуінің кепілі.

Мен Жолдауда көрсетілген шараларды толығымен қолдаймын!

 

Мұрат Бисенов,

«Бисен» шаруа қожалығының басшысы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале