11.04.2017, 10:33
Оқылды: 80

Халықаралық көрмеге 16 инновациялық жұмыс дайындалуда

Қаратөбе ауданында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалауға аудан тұрғындарын кеңінен тарту мақсатында жиын өтті.

Кездесу барысында сөз алған Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты басқармасының бас маманы Арайлым Бақытжанованың айтуынша, облысымыздан «ЭКСПО-2017» көрмесіне 16 инновациялық жұмыс дайындалып жатыр

- «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесі - еліміз үшін экономикалық, саяси-мәдени жағынан өте маңызды ұлттық шара. Көрменің негізгі мақсаты -еліміздің әлеуетін көтеру, жаңа техналогияларды жүзеге асыру. Бүгінгі күні облыс бойынша барлық аудандарда ақпараттық түсіндіру жұмыстарын бастадық, - деді ол.

Соынмен қатар шараға қатысқан «Гермес тур» ЖШС өкілі Әйгерім Ізімғали көрмеге қатысушыларға көрсетілетін қызмет түрлері мен халықтың бірқатар топтарына берілетін жеңілдіктер туралы атап өтті.

Жиын соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарға толыққанды жауап алды.

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале