4.08.2020, 12:21
Оқылды: 60

Зайырлы елде зорлыққа жол жоқ

Бүгінгі таңда бірқатар елдерде отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу басты мәселеге айналып отыр. Зорлық-зомбылыққа жол бермеу - саналы адамның басты парызы. Онда бір адам екінші адамға психикалық ықпал жасап, құқығына шектеу жасайды. Оны қоғамда тән азабын шектірген зорлық және жан азабын шектірген зорлық деп екіге бөліп жүр.

E225BC4F-812B-41A9-9407-1AA975794EA3

Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру болса, жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік-жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету арқылы жүзеге асырылады. Психологиялық зорлық-зомбылықтың бастауы балаға назар аудармау арқылы оны кеудесінен кері итеріп, үрей сезімін тудыруға, оның мінезіне кері ықпал етіп, өз бағасын білу сезімін жоюға, әлеуметтік және эмоционалдық дамуы мен жақсы өмір сүруіне кедергі келтіруге бағытталған іс-әрекеттік қимылдар болып табылады. Ондай кері әсерлі факторға баланың қорқыныш сезімін тудыру мақсатында физикалық залал келтіре отырып, қауіп төндіретін іс-әрекеттік қимылдар да кіреді. Зайырлы елде зомбылық ретінде бағаланатын іс-әрекеттің физикалық зорлық түрлері өте көп. Олардың қатарында соққы ұру, тұншықтыру, шаштан тарту сияқты қандай да бір затпен не қарумен шабуыл жасау. Физикалық зорлық-зомбылық көбінесе адамға жарақат әкеледі, тіпті оның қайтыс болуына да соқтыруы мүмкін. Карантин кезінде көптеген елдерде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың күшейіп тұрғаны жиі айтылуда. БҰҰ басшысы Антониу Гутерриш пандемия кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың көбейгені туралы мәліметтер келтіріп, оған қарсы күресті күшейтуге шақыруда. Оның айтуынша, соңғы апталарда экономикалық және әлеуметтік қысымның жоғарылауынан тұрмыстық зорлық-зомбылық шамадын тыс өршіген. Көптеген елдерде көмекке жүгінген әйелдер саны екі есеге дейін артқан. «Мен барлық елді әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға және оларды қорғау әрекеттерін COVID-19-бен күресу жоспарларына қосуға шақырамын. Олар көзге көрінбейтін жаудан үйде - ең қауіпсіз жерде қорғанудың орнына бас сауғалауға мәжбүр» - деді ол.

-Карантин кезінде қоғамымызда отбасылық тұрмыстық қарым қатынастар мен зорлық-зомбылық аясында құқықбұзушылықтардың профилактикалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұруы заңдылық. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерге құқық бұзушы мен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайларда жасалған басқа да әрекеттер жатады. Ағымдағы заңнамаға сәйкес отбасы-тұрмыстық қатынастар мен зорлық-зомбылыққа ерлі-зайыптылар, бұрынғы ерлі-зайыптылар, бірге тұратын немесе бірге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар жатады. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп жазылған. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 73-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады, жасалған құқық бұзушылыққа кінәлі адамдарға әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен ескерту жасау немесе 3 тәулікке дейінгі қамаққа алу түріндегі жауапкершілігі көзделіп, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған осы әрекеттер 10 тәулiкке дейiнгі мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады. Ал олардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106 (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру), 107 (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру), 110 (қинау) және 131 (қорлау) баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Полиция қызметкерлері тарапынан отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен болдырмауға, тұрмыстық зорлықтан зардап шеккендер өздеріне көрсетілетін көмек түрлерін біліп жүрулері мақсатында ауыл тұрғындарына жадынамалар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады, - дейді Казталов ауданы Жалпақтал полиция бөлімі жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы Дастан Есқалиев.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале