19.09.2018, 10:30
Оқылды: 17

Зеленов өрендері қайық жорығында 18 шақырымды еңсерді

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жастарға түсіндіру, өлкентану ісін одан әрі дамыту мақсатында Зеленов ауданына қарасты Көшім ауылының ұстаздары мен оқушылары «Менің Отаным – Қазақстан» атауымен қайық жорығына шықты.

IMG-20180913-WA0018

Белсенді ұстаздар Өтеген Қалау мен Светлана Пухова ұйымдастырған жорықтың ашылу салтанатында сөз алған мектеп директоры Валентина Леонтиевна:

- Әр адам Отанын, елін сүюге міндетті. Елді сүю өз туған жерін, өз ауылын сүюден басталады.

Бүгінгі жорық барысында оқушылар ауылымыздың табиғатымен танысып, өзеннің экожүйесін зерттейтін болады. Бұл жорықтың берері мол болсын! - деп саяхатшыларға сәтті сапар тіледі.

Жол бойы туған ауыл табиғатын тамашалаған оқушылар өзен жағалай қармақ салған балықшылармен тілдесті. Суда жүзген жылан мен құндыз кемірген ағаштарға тамсанған саяхатшыларға Өтеген Жасқайратұлы ауыл, өзен тарихы жайында қызықты әңгімелер айтып берді.

Жорық аясында жалпы ұзындығы 18 шақырым еңсерілді. Жолдан «Бірінші Подхоз» аталып кеткен ауылға тоқтадық. Бұл жорықтан оқушылардың алған әсері ерекше.

Айым САҒЫНҒАЛИ,

Көшім мектебінің оқушысы

Зеленов ауданы

IMG-20180913-WA0149 IMG-20180914-WA0251

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале