18.05.2018, 16:30
Оқылды: 40

Зеленовта Астананың 20 жылдығына орай велошеру өтті

DSC_8121Астананың 20 жылдығына орай өтіп жатқан «Астанаға тарту» акциясы  велошерумен басталды. Переметный ауылының басты көшесімен көк туымызды желбіретіп өткен 20 велошабандоз орталық алаңға келді.

Ол жерде спортшыларға ауылдың кішкентай велесипедшілері ілесті. Акцияға аудан орталығындағы бөлім, мекемелер де өз үлестерін қосты. Кітапханашылар жаңа астанамыз бен еліміздің тарихына арналған 20 кітаптан тұратын көрмесін ұсынса, саз мектебі 20 күйші, аудандық тәрбие жұмысы орталығы оқушылардың қолынан шыққан бұйымдарын ұсынды.

Үлкен-кішіні шаттыққа бөлеген акция барысында аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қадырбай Абдушев пен Астана құрдасы, белсенді жас Талған Мұратбаев сөз алып,  ел амандығын тіледі.

 

Өз тілшіміз

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале