13.12.2016, 18:42
Оқылды: 34

Зеленовта оқушылар форумы өтті

                 «Мәңгілік Ел – мәңгілік болашақ» атты форум талантымен танылған үздік оқушыларды өзге замандастарына үлгі ету, облыстық, республикалық, халықаралық додалардың жеңімпазы атанған шәкірттердің жеңістерін жұртшылыққа жариялауды мақсат етті.

Шараға ҚР Білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Мәншүк Әбдікәрім, БҚО білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева, Зеленов ауданының әкімі Кәрім Жақыпов қатысты.

Шара барысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған көрме, бейнефильм назарға ұсынылды. Өрендерді «Үздіктердің үздігі», «Үздік спортшы», «Үздік белсенді оқушы», «Жас талант» аталымдары бойынша аудан әкімі марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады. «Үздік белсенді оқушы» аталымы бойынша Макаров  мектебінің оқушысы Назерке Дәулеткереева, Трекин қазақ мектебінің оқушысы Милана Шуреева, Белес мектебінің оқушысы Әділет Меңдіғали,  Махамбет мектебінің оқушысы Айдос  Серіков, Көшім мектебінің оқушысы Айгерім Қабеновалар марапатталды.  «Үздіктердің үздігі» аталымы бойынша облыстық пән олимпиадасының, республикалық ғылыми жобалар байқауының және пәндік байқаулардың жүлдегерлері - Дариян  қазақ мектебінің оқушысы Эльназ Ержанқызы, Щапов  мектебінің оқушысы Гүлназ Хамидоллина,  Новенький мектебінің  оқушысы Любовь Немченко, Камен мектебінің оқушысы Жансұлу Тнабаева, Дариян мектебінің оқушысы Кирилл  Застебалар аудан әкімі қолынан алғыс хат алды.

Форумда Белес мектебінің 10-сынып оқушысы, каратэдан екі дүркін әлем чемпионы Аида Имақанова өз жетістіктері жөнінде әңгімеді. ҚР Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң «Жыл патриоты» медалінің иегері, Астана қаласында Елбасының қатысуымен өткен дөңгелек үстелге қатысушы Достық мектебінің 9-сынып оқушысы  Никита  Тюкин де  марапаттан құр қалмады.

Айшабибі Мәмет

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале