7.09.2018, 15:16
Оқылды: 67

Зеленовта жаздық дәнді дақылдарды жинау жалғасуда

Зеленов ауданында жаздық дақылдарды жинау жалғасуда. Биыл жаздық дақыл 107 469 га. жерге егіліп, оның 7556 га. есептен шығарылды.

_DSC0044

Ал 84 177 га. жерге егілген өнім жиналып, орташа өнімділігі - 6,1 ц/га. құрап отыр.

Жалпы аудан әкімдігінен түскен мәлімет бойынша бүгінге дейін 51 694,7 т. өнім алынды.

Атап айтар болсақ, жаздық бидай - 41053,2 т., арпа - 10506,3 т., тары - 8,0 т., ноқат - 99,2 т., құмай - 28 т., сондай-ақ көкөніс дақылдары - 7440 т., картоп - 5250 т., ал бақша дақылдарынан - 5580 т. өнім алынып отыр.

Нұрлыбек ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ,

Зеленов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале